Сiз мұндасыз: Басты
Қазақстанның еуроазиялық аймаққа кіруі, ХХІ ғасырға аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан-2050» даму стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үдерістерінің дамуы келешекте болашақ ұрпаққа білім беру қандай бағытта жүргізілуі керек деген өзекті мәселе туғызады.
Заман талабына сай білім беру ұйымдары индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда ерекше рөл атқарады. Осыған орай, жан-жақты білімді, білікті, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, олардың әлеуметтік, кәсіптік, өзіндік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Бұл үшін жас ұрпақтың бойында жүйелі ойлау, экономикалық, экологиялық, құқықтық, ақпараттық, кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыру, өзін-өзі тану, өз қызметіне талдау жасау, кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдай алу, жаңа білімді меңгеру, әр іске жауапкершілікпен қарауды жетілдіру қажет.
Міне, осы асқақ мұратымызға жету барысында өз үлесін тәрбиешілер де күнбе-күн қосуда. Балабақшаның жинақталған материалдарымен таныстыру, елімізде мұғалім еңбегінің ерендігі мен маңызын насихаттау, ұлттық оқу тәрбие беру жөнінде озық іс-тәжірибелерді тарату, технологиялық тұрғыда басқару аспектілеріне қатысты өз ой-пікірлерін бөлісуді мақсат еткен ұжым веб сайт ашуды ұйғарды.
Мамандардың пікірінше, ХХІ ғасырға тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас ұрпақтың ақыл-ой және рухани потенциалын барынша дамытуға мүмкіндігі бар ұлт қана озат бола алады. Сондықтан да адамды тәрбиелеу мен оқытуда білім беру ұйымының алатын орны ерекше. Оның қызметі үнемі дамуда.
Сіздердің пікірлеріңізді, ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды ала отырып, өз жұмысымызды жақсартып, сіз оқып отырған веб сайтымызға да мәліметтерді сұрыптап кірістіруге тырысамыз. Сондықтан бұл ақпараттар оқытушылар қауымына, жалпы ондағы мәліметтерді көкейкесті деп тапқан көпшілікке қызықты да пайдалы болатынына сенім білдіреміз.
Балабақша меңгерушісі Шуленбаева Ақмарал Бақтылықызы